30.05.2024 | 20:54
Бөлісу:
Азия чемпионатында 4 спортшымыз сынға түседі
14-15 маусым аралығында Оңтүстік Кореяның Мокпхо қаласында жеңіл атлетиканың ядро итеру, найза, диск және балға лақтыру түрінен лицензиялық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бұл жарыста Ұлттық құрама спортшылары бақ сынап, жолдамаға таласқа түседі. Олар: Иван Иванов (ядро итеру), Артур Гафнер (найза лақтыру), Евгений Миловацкий (диск лақтыру), Анастасия Калошина (балға лақтыру).
Квотаға қол жеткізу үшін сары құрлық спортшылары жеңіл атлетика федерацияларының халықаралық қауымдастығы (World Athletics) бекіткен нормативті орындауы қажет.
Қазір жеңіл атлетикадан Қазақстанда Олимпиаданың 2 лицензиясы бар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ