27.06.2022 | invalid
Бөлісу:
Азия чемпионатында сегіз медаль бұйырды
Бүгін Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні қазақстандық спортшылар үш қола медаль еншіледі.
Алғаш болып даянгқа шыққан 63 келідегі Әділет Базарбаев 1-айқасында вьетнамдық қарсыласын 2:0 есебімен ұтса, екінші айналымда ауғанстандықтан да дәл осындай есеппен басым түсті. Өкінішке қарай, жартылай финалда қытайлық Лян Юшуайға есе жіберіп, қоланы қанағат тұтты. Есеп 0:2.
80 келіде сынға түскен Нұрлан Мырзабаев ливандық спортшыдан айласын асырды. Есеп – 2:0. Осылайша, жерлесіміз жартылай финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Алайда бұл кезеңде Мырзабаев өзбекстандық таеквондошыдан 1:2 есебімен ұтылды.
Ал 67 келідегі Нұрай Құсайнова чемпионатты ширек финалдан бастап, филиппиндік қарсыласын ұтты. Есеп 2:1. Жартылай финалда қытайлық қарсыласына жол берді (0:2).
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 1 күміс, 7 қола медальмен 6-орынға тұрақтады. Жарыс қожайыны Оңтсүтік Корея топ жарса, Өзбекстан 2-орын алды.
Бұған дейін Рита Бакишева (46 кг), Жасурбек Исраилов (58 кг), Ботагөз Қапанова (49 кг) мен Смайыл Дүйсебайдың (87 кг) қола жүлдегер атанғанын, Жансель Дениздің (74 кг) күміс жүлдеге қол жеткізгенін хабарлағанбыз.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖОБАСЫ: АРМАН ШЫЛМАНОВ
ТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНА 2 КҮН ҚАЛДЫ