21.04.2024 | 16:03
Бөлісу:
Азия чемпионатының 2-күні: Эсмигуль Куюлова алғаш рет жүлдегерлер қатарына кірді
Бүгін Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының 2-жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама сапынан 5 дзюдошы татамиге шығып, тек Эсмигуль Куюлова (-63 кг) ғана жүлдегер атанды.
Ұлттық құрама спортшысы жүлде жолында Зулхумар Дашкиноваға (Түркменстан) еш мүмкіндік бермей, мерзімінен бұрын ұтты. Бұл - оның сары құрлық чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Таңғы сессияда Эсмигуль (-63 кг) 2-айналымда жапон палуаны Кирари Ямагучиден жеңіліп қалған. Сосын, жұбаныш белдесуінде үндістандық спортшыдан айласын асырды.
«Жапон дзюдошысынан жеңіліп қалғаныма қарамастан медаль үшін күресе алдым. Бұл менің алғашқы Азия чемпионатым, алғашқы жүлдем. Жарақатым болды. Осы жарысқа қатысу, қатыспауым белгісіз болған. Олимпиадаға аз уақыт қалды. Ұпай жинайтын әр мүмкіндікті пайдалануым керек»,-деді Эсмигуль Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Қола медаль үшін болған белдесуде тағы бір дзюдошымыз Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) Сомон Махмадбековтен (Тәжікстан) ұтылып қалды.
Осыған дейінгі Азия чемпионатында (Астана, 2022 жыл) 73 кг дейінгі салмақта алтын алған Данияр Шамшаев алғашқы айналымда, Асқар Нарқұлов 2-айналымда сүрінді. Екатерина Токарева (-70 кг) ширек финалда Шохиста Назаровадан, сосын жұбаныш белдесуде тағы бір өзбекстандық Гүлноза Матниязовадан ары өте алмады.
Кеше чемпионаттың алғашқы күні Ғалия Тынбаева (48 кг) мен Жанарыс Рахметқали (66 кг) қола жүлдеге ие болған.
Айта кетейік, Азия чемпионатының жеңімпазы рейтингте 700, күміс жүлдегер 490 ұпай алса, қола медаль алған 2 дзюдошыға 350 балл қосылады. Қола жүлде жолында жеңілген тағы 2 спортшы 250 ұпайға қол жеткізеді.
Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ
АҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ