23.08.2023 | 15:47

Азия ойындарына баратын бокстан әйелдер құрамасы жасақталды

Күзде Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының Баспасөз қызметі.

Сары құрлық Олимпиадасында күш сынасатын 6 шаршы алаң шеберіның есімі мынадай: Назым Қызайбай (51 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Наталья Богданова (66 кг) және Валентина Хальзова (75 кг):

Айта кетейік, Азия ойындары23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Онда барлығы 40 спорт түрінен медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес