30.07.2023 | 14:57
Бөлісу:
Азия ойындарында Париж Олимпиадасының қанша жолдамасы сарапқа салынады?
23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайда өтетін жазғы Азия ойындарында 8 спорт түрінен Париж Олимпиадасының жолдамасы таратылады. Жалпы сары құрлық додасында атлеттер 40 спорт түрінен сынға түспек. Назарларыңызға лицензия қалай үлестірілетінін ұсынбақпыз.
Бокста барлығы 13 жолдама. Оның жетеуі ерлерге, алтауы әйелдерге беріледі.
Садақ атудан 3 лицензия тек жеңімпаздардың уысы түседі (ерлер, әйелдер, аралас команда).
Заманауи бессайыс – 2 лицензия (ер және әйел)
Брейк-данс – 2 лицензия (ер және әйел)
Үлкен теннис – 5 лицензия (ер, әйел, жұптық ерлер, жұптық әйелдер, аралас жұптар)
Су добы – 2 лицензия (ерлер және әйелдер құрамасы)
Көркем жүзу – 2 жолдама (әйелдер дуэті, командалық сайыс)
Көгалдағы хоккей – 2 жолдама (ерлер, әйелдер құрамасы)
Олимпиада бағдарламасына кіретін өзге спорт түрлерінен жолдама әлем чемпионаттары арқылы өз иесін табады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: