19.06.2023 | 10:14

Азия ойындарының медалі ресми түрде таныстырылды

Күзде Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін 19-шы Азия ойындарының медалі – «Хушань» ресми түрде жарияланды.

Жүлденің формасы 5000 жыл тарихы бар Лянчжу өркениетіне негізделген. Азия ойындарының медальдерінің дизайнында алғаш рет төртбұрышты шаршы нефрит пен дөңгелек медаль біріктірілді. Алдыңғы жағында Ханчжоу қаласының пейзажы бейнеленген; артқы жағы төртбұрышты мөр түрінде жасалған, яғни спортшылар Ханчжоуда өткен Азия ойындарында өз таңбасын қалдыратынын білдіреді.

«Хушань» («Шань Шуй») сары құрлық Олимпиадасының маңызды бөлігінің бірі. Бұл қатарда тағы «Қалықтаған толқындар» эмблемасы, «Конгконг», «Ченчен», «Лянлянь» бойтұмарлары, «Әлеммен жүздесу» түс жүйесі мен «Мәңгілік алау» алауы бар.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес