15.03.2024 | 16:33

Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасына барады

Батырхан Төлеуғали Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін Ұлттық құрамадағы ең жас таеквондошы шешуші айқаста Сауд Арабиясының өкілі Әли Мабрук әл-Мабруктан басым түсті. Есеп: 2-0.

Сәл ертеректе Батырхан алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен ұтып, ширек финалдан сүрінбей өткен.

Бұл таеквондодан Ұлттық құраманың Париждегі ойындарға алғашқы жолдамасы. 80 кг дейінгі салмақтағы екінші жолдаманы өзбекстандық Жасурбек Жайсунов алды.

Енді ертең Мария Севостьянова (57 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг), Жансель Дениз (+67 кг) өнер көрсетеді.

Суреттің авторы – Шамкен Байырбек.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес