14.03.2024 | 14:09

Батырхан Төлеуғалидың қарсыластары анықталды

Ертең Қытайдың Тайань қаласында Олимпиада лицензия берілетін Азия құрлығының соңғы іріктеу жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғашқы жарыс күні ерлер 68 кг, 80 кг, ал әйелдер 49 кг, 67 кг дейінгі салмақта жолдамаға таласады. Ұлттық құрама сапынан ертең тек Батырхан Төлеуғали даянгқа шығады. Ол жеребе тарту кезінде В тобына түсті. Батырхан бірінші айналымда Акшай Худамен (Үндістан) күш сынасады. Жеңіске жетсе, жартылай финалда оған Индонезия немесе Сауд Арабиясының таеквондошысы қарсылас болады.

Барлығы 80 кг дейінгі салмақта 9 спортшы бар. Бүгін олар ресми салмақ өлшеуден өтті.

«Дайындығым жоспарға сай өтті. Турнирге дайынмын. Иә, бұл жарыстың орны бөлек екені айтпаса да түсінікті. Олимпиада ойындарында бақ сынау кез келген спортшының арманы. Ертең барымды саламын. Үндістандық спортшымен алғаш рет жолығайын деп тұрмын»,-деді Батырхан Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қытайдағы жарыс кезінде Париж Олимпиадасының жолдамасына әр салмақта финалға шыққан екі спортшы ие болады.

Суреттердің авторы - Шамкен Байырбек.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес