04.04.2023 | 10:54

Бибісара Асаубаева 2-ойында тең түскенімен көш басында қалды

Үндістан астанасы Делидегі ФИДЕ Гран-приінің 3 кезеңінде 9 тур артта қалды. Бұл күні отандасымыз Бибісара Асаубаева әлем рейтингінде 9-орында тұрған грузиялық шахматшы Нана Дзагнидземен ойнап, тең түсті. Бұл қазақстандық гроссмейстердің осы сындағы қатарынан 2-тең кездесуі. Осыған дейін Бибісара мен Нана шахмат үстелінде 5 рет шеберлік байқасқан. Қазақстандық ойыншы 3 мәрте басым түссе, қарсыласы тек бір рет есе қайтарған. Тағы бір партияда жеңімпаз анықталмаған.

9-турдың нәтижесі:

Бибісара Асаубаева – Нана Дзагнидзе, ½ - ½

Вайшали Рамешбабу – Хампи Конеру, ½ - ½

Нино Бациашвили – Полина Шувалова, 1 – 0

Александра Горячкина – Харика Дронавалли. 1 – 0

Екатерина Лагно мен Жу Цзинер бұл турда демалды.

Гран-придің аяқталуына небәрі 2 тур қалғанда Бибісара 5½ ұпаймен 1-орында келе жатыр. Ал 2-сатыда тұрған Жу Цзинердің орнын қазір Александра Горячкина басты. Ресейлік шахматшының еншісінде тура 5 балл бар. Үздік үштікте қытайлық ойыншы тұр (4½ ұпай).

Турнир кестесі мынадай:

Келесі, 10-тур бүгін 4 сәуірде Дели уақытымен сағат 15:00-де басталады. Көш басында тұрған Бибісара Асаубаева мен Нана Дзагнидзе демалады.

Бір-бірімен кездесетін жұптар:

Екатерина Лагно – Харика Дронавалли

Полина Шувалова – Александра Горячкина

Хампи Конеру – Нино Бациашвили

Чжу Джинер – Вайшали Рамешбабу.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің шешуші, 4-кезеңін Кипр астанасы Никосия 15-28 мамыр күндері (Hilton қонақ үйінде) қабылдайды. Бұл шахматтан Кипрде өтетін алғашқы ірі жарыс болмақ. Шешуші кезеңге шақырту алған шахматшылар: Бибісара Асаубаева, Нана Дзагнидзе, Александра Горячкина, Харика Дронавалли, Алина Кашлинская, Александра Костенюк, Катерина Лагно, Анна Музычук, Мария Музычук, Полина Шувалова, Тан Чжуньи мен Динара Вагнер.

Фото: Исмаэль Ньето

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес