31.03.2023 | 11:24

Бибісара Асаубаева Делидегі Гран-приде 2-орында келе жатыр

Үндістан астанасы Делиде шахматтан әйелдер арасындағы Гран-придің 5-күні аяқталды. Қазақстандық Бибісара Асаубаева бұл раундта жерлігілікті шахматшы Харика Дронаваллимен ойнап, әдемі жеңіске жетті. Бұл Бибісара мен Хариканың 5-кездесуі. Осыған дейін қарсыластар бір-бірін 2 мәрте ұтқан. Аса тартысты, әрі өзгеше тактикамен өткен ойынның соңына қарай отандасымыз жылдам өнер көрсетіп, жеңісті жұлып алды. Қазір Бибісараның еншісінде 3 жеңіс бар. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы алдыңғы, 4-турда Александра Горячкинаға есе жіберген.

Ал қытайлық Жу Цзинер фавориттердің бірі ресейлік Катерина Лагнодан айласын асырып, көш басына шықты. Оның еншісінде 3½ ұпай бар. Кешегі бесінші турға Полина Шувалова мен Александра Горячкина қатыспай, демалыс алды. Алтыншы тур 31 наурызда өтеді. Қарсыластар мынадай:

Екатерина Лагно – Нино Бастиашвили

Александра Горячкина – Вайшали Рамешбабу

Полина Шувалова – Бибісара Асаубаева

Жу Цзинер – Нана Дзагнидзе

Екі үндістандық – Харики Дронавалли мен Хампи Конеру демалады. Ал бұл 5 турдан кейінгі турнир кестесі:

Анықтама:

ФИДЕ-нің әйелдер Гран-Приі 4 турнирден тұрады. Мұнда барлығы таңдаулы 16 шахматшы 3 кезеңге міндетті түрде қатысады. Қазір Үндістандағысы 3-кезең. Ережеге сәйкес, ойындағы алғашқы 40 жүріске 90 минут беріледі. Сосын, әр жүріске 30 секундтан кететін 2-бөлігі 30 минутқа созылады.

Әр кезеңнің жүлде қоры 80 мың еуро. Тағы сонша қаржы Гран-при сериясының нәтижесінде үздік 8 ойыншыға үлестіріледі.

Суреттің авторы: Исмаэль Ньето.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес