02.03.2024 | 22:52

Біздің боксшылардың қарсыласы кім? Жеребе тартылды

Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының лицензиясы үлестірілетін турнирдің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Назарыңызға әйелдер арасындағы жеребені ұсынамыз.

50 кг – Алуа Балқыбекова (Әлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері)

54 кг – Жайна Шекербекова (Әлем чемпионатының 3 мәрте жүлдегері)

60 кг – Римма Волосенко (Азия чемпионы)

66 кг – Наталья Богданова (XIX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері)

75 кг – Валентина Хальзова (Әлем чемпионы)

Ертең әйелдерде 50, 57, 60 кг дейінгі салмақта алғашқы жекпе-жектер өтеді. Ұлттық құрама сапындағы Алуа Балқыбекова бірінші айналымда рингке шықпайды. Ал Римма Волосенко алғашқы айналымда Тринидад және Тобаго өкілімен күш сынасады.

Айта кетейік, әйелдер арасында Олимпиаданың 21 жолдамасы үлестіріледі. Барлығы Апенин түбегіне 114 елден 668 таңдаулы былғары қолғап шебері жиналды.

Суреттердің авторы - Аян Төлеген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес