11.09.2022 | invalid
Бөлісу:
Бокс: Ұлттық құрама Силезия турнирінде 12 медальге қол жеткізді
Бүгін Польшаның Гливице қаласында бокстан әйелдер арасында XVII Силезия турнирі аяқталды. Бұл сында Қазақстан құрамасының арулары құрамасы 4 алтын, бір күміс, 7 қола медал жеңіп алды.
Назым Қызайбай (50 кг), Алуа Балқыбекова (48 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81), Карина Ибрагимова (57 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмесе, ақтық сынға шыққан тағы бір отандасымыз Валентина Хальзова (75 кг) қарсыласына жол берді.
Ал Жазира Орақбаева (50 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Балауса Мұздиман (54 кг), Сәния Сұлтанқызы (57 кг), Мадина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Дариға Шәкімова (66 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, биыл былғары қолғап бәсекесіне қатысуға ниет білдірген елдер саны бұрын соңғы болмаған көрсеткішке жетті. Апта бойы 30 мемлекеттің 230 таңдаулы боксшысы өзара шеберлік байқасты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ