11.02.2024 | 21:19
Бөлісу:
Боксшылар Болгарияда 3 медаль жеңіп алды
Ұлттық құрама боксшылары Болгария астанасы Софияда аяқталған Странджа Кубогында 3 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін финалға шыққан Дулат Бекбауов 67 кг дейінгі салмақта үндістандық атлет Раджатты ұтып, чемпион атанса, Санжар Ташкенбай (51 кг) қарсыласы Амитке (Үндістан) есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді. Ол кеше жартылай финалда Тоқтарбек Таңатханға (Қытай) есе жіберген.
Айта кетейік, бокс әлемінде кіші әлем чемпионаты саналатын бәсекеге 10 қазақстандық боксшы аттанған. Олар: Санжар Ташкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Руслан Күзеубаева (60 кг), Ерасыл Таңқай (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Талғат Шәйкен (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) и Абзал Кұттыбеков (92 кг).
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ