04.09.2023 | 11:08

Боксшылар Польшадағы дәстүрлі турнирге аттанды

4-10 қыркүйек аралығында Польша Республикасының Гливице қаласында бокстан әйелдер арасында XVIII Силезия халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. А санатындағы бәсекеде жасөспірімдер 13, жастар мен ересектер 12 салмақта сынға түседі.

Бұл қатарда Ұлттық құраманың өкілдері де бар. Олар: Мөлдір Тойкова, Жазира Орақбаева, Анел Сақыш, Виктория Графеева, Лаура Есенкелді, Аида Әбікеева, Мадина Нұршаева, Фариза Шолтай, Ләззат Күнгейбаева, Айда Сарыбарова, Алуа Балқыбекова, Элина Базарова;

Былтыр осы турнирге қатысуға ниет білдірген елдер саны бұрын соңды болмаған көрсеткішке жетіп, 30 мемлекетке жеткен.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес