10.12.2024 | 18:06
Бөлісу:
БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ 1-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
Бүгін Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биылғы бәсекеде еліміздің әйелдер құрамасы медаль саны жағынан көш бастады. Атап айтар болсақ, бүгінгі финалда Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Елдана Тәліпова (+81 кг) алтыннан алқа тақты.
Ал Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) мен Диана Мағауяева (75 кг) қола жүлдегер атанды. Қазақстанда 5 алтын, 5 қола медаль.
Екінші орында – Өзбекстан құрамасы (3 алтын, 4 күміс, 2 қола). Таиланд 3 алтын, 1 күміс, 2 қоламен үздік үштікті түйіндеді.
Бокстан Азия чемпионатында барлығы 9 ел медаль алды.
1. Қазақстан (5-0-5),
2. Өзбекстан (3-4-2),
3. Таиланд (3-1-2),
4. Қытай (1-2-1),
5. Вьетнам (0-3-1),
6. Украина (0-2-6),
7. Қытайлық Тайбэй (0-0-2),
8. Филиппин (0-0-1),
8. Сауд Арабиясы (0-0-1).
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖАРҚЫН ЖЕҢІС! САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
БӘРЕКЕЛДІ! БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ҚОРЖЫНҒА 2-АЛТЫНДЫ САЛДЫ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ