14.06.2022 | invalid
Бөлісу:
Бұқаралық спорт Олимпиадасы басталды
Қостанай облысында 4 жылда бір ұйымдастырылатын Халық спорты ойындары басталды. Биыл 14 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаладан келген 1400-ден астам қатысушы 9 спорт түрінен сынға түседі.
Шағын футбол, баскетбол (3х3), волейбол (ерлер, әйелдер), үстел теннисі, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, гір спорты мен қол күрес бәсекесінде өңірлерден келген 200-ге жуық төреші қызмет етпек.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауларында бұқаралық спортқа, соның ішінде балалар спортына зор ден қойып келеді. Осы орайда Халық спорты ойындары осынау абыройлы міндетті жүзеге асыратын жарыстың бірі. Халық спорты ойындары алғаш рет 1998 жылы бас қалада өткен. Содан бері спортты серік еткен әр азамат қатысып, сынға түсе алатын әділ жарысқа айналды. Республикамыздың әр жерінде өтіп, ауқымы кеңейіп жатыр. Мәселен, осыдан 4 жыл бұрын киелі Маңғыстау жеріндегі ойындарға 2 мыңға жуық адам қатысқан. Сол кезде елорда командасы жеңіске жетсе, Шымкент қаласы екінші, ШҚО үшінші орынды місе тұтты. Бұл тағы әр өңірде іріктелген сайдың тасындай спортшылар екенін айта кету керек.
Осы жолғы Халық спорты ойындарына алдын ала іріктеу жүргізілді. Командалар ауылды округтерден бастап төрт кезең бойынша өз облыстарына жинақталды. Енді жеңімпаздар Қостанай, Тобыл және Лисаковск қаласындағы ақтық кезеңде анықталады.
Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі 16 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де Я.Гашек көшесіндегі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жағалауда өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықCHAMPIONDAR LIGALARY: 2-КҮННІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ULY DALA JARYSY-2024 ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ӘДІЛЕТ ҚАЛМАҒАМБЕТОВ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН АТАНДЫ