20.05.2024 | 16:13

Бурабайда триатлоннан Азия кубогы өтеді

25-26 мамыр аралығында Бурабайда триатлоннан Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жарыс триатлоншыларға 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға қатысу үшін қажет ұпай жинайтын соңғы рейтингтік жарыстардың бірі болмақ.

Азия кубогы Бурабайдағы «Айнакөл» қонақүйінің жанында өтеді. Биыл 12 елден спортшылар қатысады. Ел намысын командамыздың көшбасшылары Аян Бейсенбаев пен Екатрина Шабалина қорғайды.

Осы жарыстың қорытындысы бойынша Дүниежүзілік триатлон ережесіне сәйкес әлемдік рейтингтегі ұпайлар турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында бөлінеді. Атап айтқанда, 1-орынға 200 ұпай, 2-орынға 185 және 3-орынға 170 ұпай беріледі.

Чемпионат бағдарламасы:

25 мамыр ашылу рәсімі өтеді:

Басталуы 10:00 – Еlite Men

Басталуы 10:05 – Elite Female

Басталуы 14:00 – Junior Men

Басталуы 14:05 – Junior Female

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес