29.07.2022 | invalid

Challenge Cup: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шыға алмады

Түнде Хорватияның Задар қаласында Challenge Cup-тың ширек финалында Қазақстан әйелдер құрамасы Хорватияға есе жіберді. Есеп: 25-20, 25-15, 25-20. Осылайша, біздің волейболшылар 2023 жылғы Ұлттар лигасына қатысу мүмкіндігінен айырылды.

Ұлттық құрама сапындағы үздік ойыншы – Татьяна Никитина. Оның еншісінде 14 нәтижелі әрекет бар. Одан кейін 7 ұпаймен Валерия Чумак тұр.

Ал Хорватия капитаны Саманта Фабрис матчта 19 балл жинап, отандастарының ыстық ықыласына бөленді (14 ұпай, 4 эйс, 1 блок-шот). Шабуылдағы әріптесі Лаура Милоштың еншісінде 13 балл.

Төрешілер: Стойко Богдан Лаурентиу (Румыния), Гийе Оливье (Франция).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес