02.03.2024 | 22:16

Данияр Шамшаев үздік бестікте

Дзюдодан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Үлкен дулыға санатындағы бәсекеде Ұлттық құрама спортшысы Данияр Шамшаев 5-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол 73 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан және Словакия дзюдошысын, ал ширек финалда ресейлік Махмадбек Махмадбековті жеңді. Алайда жартылай финалда тағы бір ресейлік палуан Данил Лаврентьевке, қола медаль үшін белдесуде Обидхан Номановқа (Өзбекстан) есе жіберді.

Бұл салмақта Мануэль Ломбардо (Италия) топ жарды.

Осы салмақтағы Ұлттық құраманың тағы бір палуаны Асқар Нарқұлов 1-ші белдесуде Польша спортшысына жол берді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес