20.08.2023 | 20:10
Бөлісу:
Давид Ефремов үшін әлем чемпионаты аяқталды
Жеңіл атлетикадан Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан XIX әлем чемпионатының 2-жарыс күнінде Қазақстанның атынан Давид Ефремов өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін 110 метрге кедергілермен жүгіруде өз өнерін ортаға салған отандасымыз іріктеу сынынан өте алмады. Бұл бәсекеде 45 қатысушы 5 топқа бөлініп жүгірді. Келесі кезеңге 24 атлет шықты. Ефремов 13,78 секунд нәтижесімен 36-орынға табан тіреді.
Кеше 10000 метр қашықтыққа жүгіруде Каролин Чепкоеч Кипкиру жүлдеге іліге алмаған болатын. Ол енді 5000 метрлік қашықтықта бақ сынайды.
Одан бөлек жүлдеге таласатын 6 спортшымыз бар. 35 шақырымдық спорттық жүрісте Галина Якушева, 42 шақырым марафонда Жанна Мамажанова, 3000 метрге кедергілермен жүгіруде Дэйзи Джепкемей және биіктікке секіру спортының өкілдері - Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова, Елизавета Матвеева өнер көрсетеді.
Әлем чемпионаты 28 тамызда аяқталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ
ПАРИЖ-2024: ДАВИД ЕФРЕМОВ ФАЛЬСТАРТ ЖАСАДЫ