11.05.2024 | 14:03

Денис Сергиенко командаға тағы бір жүлде сыйлады

Малайзияның Патраджайя қаласында маунтинбайктан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 2-медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жолы Олимпиада бағдарламасына кіретін кросс-кантри санатында Денис Сергиенко күміс жүлдегер атанды. Мұнда Жапония құрамасының өкілі топ жарса, қола Қытай спортшысына бұйырды.

Тағы бір Ұлттық құрама шабандозы Егор Карасев 7-сатыға тұрақтады. Ал әйелдер арасында Алина Саркулова жүлдеге бір табан жетпей тоқтаса (4-орын), Татьяна Генелева 8-орыннан көрінді.

Сары құрлық бәсекесі 12 мамырда аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес