03.10.2024 | 23:27

DENIS TEN MEMORAL CHALLENGE: МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨШ БАСТАП ТҰР

Астана қаласындағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан V Денис Тен мемориалының алғашқы жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер қысқа бағдарламада дайындаған жаттығуын паш етті. Назарыңызға қазақстандық мәнерлеп сырғанау шеберлерінің аралық нәтижесін ұсынамыз:

Ерлер:

1-орын – Михаил Шайдоров (95.50 балл)

7-орын – Диас Жиренбаев (65.69 балл)

11-орын – Рахат Бралин (61.94 балл)

Әйелдер:

3-орын - Софья Самоделкина (63.84 ұпай)

12-орын - София Фарафонова (48.64 ұпай)

16-орын - Карина Иссақова (38.27 ұпай)

17-орын - Кристина Тимошенко (34.74)

18-орын - Амина Алексеева (29.59)

19-орын - Русалина Шакрова (22.24)

Жасөспірімдер:

1-орын - Никита Кривошеев

2-орын - Артур Смағұлов

4-орын - Никита Козлов

5-орын - Аңсар Исмұхамбетов

6-орын - Темірлан Якияев

7-орын - Кенан Бердібаев

8-орын - Абай Садықов

Айта кетейік, биыл турнирде 25 мемлекеттен жиналған 115 таңдаулы спортшы сынға түсіп жатыр. Ертең еркін бағдарламадан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады. Жанкүйерлер жарысты тегін кіріп, көре алады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес