05.10.2024 | 20:04

DENIS TEN MEMORIAL CHALLENGE: МИХАИЛ ШАЙДОРОВ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Астана қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memoral Challenge турнирінде ерлер арасындағы жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

1. Михаил Шайдоров – 262.33 ұпай (95.50+166.83) Қазақстан

2. Владимир Литвинцев – 246 ұпай, Әірбайжан

3. Ника Егадзе – 242.43 ұпай, Грузия

2019 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Denis Ten Memoral Challenge бәсекесінде Михаил Шайдоров екінші ең жоғарғы көрсеткішті тіркеді.

Биылғы бәсекеде 13 споршы сынға түсті. Михаилдан бөлек, еліміздің атынан Диас Жиренбаев та жүлдеге таласты.

Бесінші мәрте өткізіліп жатқан бәсекеде спортшыларымыз қандай жетістікке жеткен?

2019 жыл. Никита Манько (171,49 ұпай, 8-орын)

2021 жыл. Михаил Шайдоров (187.07 ұпай, 9-орын)

2022 жыл. Диас Жиренбаев (192.67 ұпай, 2-орын)

2023 жыл. Диас Жиренбаев  (168.77 ұпай, 13-орын)

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес