08.01.2024 | 16:22
Бөлісу:
Дэвис Кубогы: Қазақстанның Аргентинамен ойнайтын құрамы анықталды
3-4 ақпан аралығында Аргентинаның Росарио қаласында өтетін Дэвис Кубогының іріктеу матчына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бас бапкер Юрий Щукин бастаған қосынның таңдауы былай болды. Атап айтқанда, әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик, сондай-ақ Денис Евсеев (184), Бейбіт Жұқаев (188), Тимофей Скатов (226) және жұптық сында дүниежүзілік рейтингте 46-орында тұрған Александр Недовесов ел намысын қорғайды.
«Құрамаға нәтижелері мен рейтингтегі орындарына байланысты өздерін таныта білген спортшылар алынды. Қарсылас туралы айтсақ, олардың құрамы өте мықты. Жекелей сында үш аргентиналық спортшы әлемдегі үздік 50 теннисшінің қатарына тұр. Тағы үшеуі жұптық сында ТОП-20-ға кіреді. Олардың бәрі топырақ төсеніште жақсы ойнайды. Біз қиын болатынын түсінеміз. Дегенмен бар күшімізді саламыз. Бұған дейін сырт алаңда мықты командаларға қарсы ойнап, жеңген болатынбыз», - деді Ю.Щукин.
Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.
Аргентина құрамасының тізімі мынадай: Франсиско Черундоло, Себастьян Баэз, Томас Этчеверри, Орасио Себальос, Максимо Гонсалес. Капитаны – Гильермо Кориа. Қазақстан-Аргентина ойынынан бөлек, 1-2 және 2-3 ақпан күндері 11 жұп арасында жеңімпаз анықталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықWTA FINALS: ЕЛЕНА РЫБАКИНА АРИНА САБАЛЕНКАМЕН ОЙНАЙДЫ
ДЭВИС КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ