29.07.2024 | 19:40

ДМИТРИЙ ПАНАРИН ОЛИМПИАДАНЫҢ ТОПТЫҚ КЕЗЕҢІНЕН ШЫҒА АЛМАДЫ

Бадминтоншы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасындағы екінші матчында Брайан Янгпен шеберлік байқасты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

D тобындағы бұл ойын канадалық спортшының басымдығымен өтті. Есеп: 0-2 (18-21, 10-21).

Өкінішке қарай, Панарин топтық кезеңнен шыға алмады. Ол бірінші ойында жапон бадминтоншысы Кента Нисимотоға есе жіберген. Айта кетейік, Дмитрий спорттың бұл түрінде Олимпиадаға қатысқан тұңғыш отандасымыз.

Брайан 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың чемпионы (командалық сайыс).

Суреттер: Тұрар Қазанғапов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес