04.09.2022 | invalid

Дзюдо: Қазақстан құрамасы Еуропа Кубогында 1 күміс және 1 қола жүлдеге қол жеткізді

Бүгін Аустрияның Оберварт қаласында Еуропа Кубогы аяқталды. Екі күнге созылған қарт құрлық бәсекесінде Қазақстан құрамасы 2 жүлдеге ие болды.

Әуелі Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль иегері атанды. Ол кіші финалда отандасы Дәурен Сүйікеновтен айласын асырды. Ал 66 келіге дейінгі салмақта Ермек Амангелді финалға шығып, шешуші белдесуде түрікменстандық Хәкім Агамамедовке есе жіберді.

Қалған 4 спортшымыз бестікті түйіндесе, тағы 4 қазақстандық 7-сатыға жайғасты. Жалпы есепте Франция құрамасы 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медальмен топ жарды.

Айта кетейік, бәсекеге 4 құрлықтағы 37 елден 283 татами шебері қатысты. Оның 184-і еркек, 99-ы әйел. Келесі айдың 6-13 аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдошылар үшін жылдың басты додасы – Әлем чемпионаты өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес