12.11.2023 | 20:18

Дзюдодан 4 салмақтағы ел чемпионы анықталды

Бүгін Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында дзюдодан Қазақстан чемпионатының алғашқы күні өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жүлдегерлер:

Ерлер: -60 кг

Алтын – Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл облысы)

Күміс – Ержан Еренғайыпов (Астана қаласы)

Қола – Мыңболат Мейрамбеков (Қызылорда облысы)

Қола – Дәурен Сүйекенов (Алматы облысы)

-66 кг

Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)

Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО)

Еламан Сұлтанбай (Алматы облысы)

Алмас Ғалымов (Абай облысы)

Әйелдер:

-48 кг

Диана Буркеева (Жетісу облысы)

Жібек Жақсыбай (Атырау облысы)

Алира Шегелекова (Абай облысы)

Зарина Хуснадин (Алматы қаласы)

-52 кг

Нұрсұлу Ералиева (Жетісу облысы)

Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)

Балнұр Әбдешова (Абай облысы)

Аружан Адасқан (Жамбыл облысы)

Ертең ерлер -73 кг, -81 кг, ал әйелдер -57 кг, -63 кг, -70 кг салмақта кім мықтыны анықтайды. Жарыс таңғы 9:00-де басталады. Ел чемпионатын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес