22.07.2024 | 11:08

ДЗЮДОШЫЛАР ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚТЫ ФРАНЦИЯДА ПЫСЫҚТАП ЖАТЫР

Қазір дзюдодан еліміздің Ұлттық құрамасы жазғы ойындар қарсаңында шешуші оқу-жаттығу жиынын Францияның Мез қаласында өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Біздің спортшылар бұл қалаға алғаш рет келіп тұрған жоқ. Еске сала кетейік, бірнеше жыл бұрын дәл осы қалада біздің команда жаттығу жиынын ұйымдастырып үлгерген.

Команда осы жерден Парижге аттанып, 27 шілдеден бастап татамиге шығады. Алғашқы жарыс күні ел намысын тәжірибелі Елдос Сметов (60 кг) пен Абиба Әбужақынова (48 кг) қорғайды. Осыдан кейін Эсмигуль Куюлова (63 кг), Камила Берлікаш (+78 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг) сынға түседі.

Франция астанасындағы ойындар 26 шілдеде басталып, 11 тамызда мәресіне жетеді.

Сурет: Қазақстан дзюдо федерациясынан.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес