24.07.2024 | 10:58
Бөлісу:
ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС КЕСТЕСІ
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі назарыңызға қазақ дзюдошыларының Олимпиададағы жарыс кестесін ұсынады.
Айта кетейік, кейінгі 2 олимпия ойынында (Рио-2026 мен Токио-2020) дзюдошыларымыз Ұлттық құрама қоржынына алғаш болып жүлде салған. Бразилияда Елдос Сметов (60 кг) күміс, Отгонцецэг Галбадрах (48 кг) қола жүлдегер атанған. Ал Жапонияның бас қаласында Елдос Сметов үздік үштікті түйіндеп, қазақ спорты тарихына есімін алтын әріппен жазды. Осы тұста Токиодағы ойындарда барлығы 26 мемлекеттің өкілі тұғыр биігіне көтерілгенін еске сала кетейік.
Жалпы Париж қаласында спорттың бұл түрінен 14 салмақта 372 спортшы (ерлер мен әйелдер саны тең) сынға түседі. Халықаралық Олимпиада комитетінің құрамына кіретін 206 Ұлттық Олимпиада комитенінің 122-сі осы жолы татами шеберлерін додаға қосады. Сондай-ақ дзюдодан осымен 15-рет Олимпиада медальдары сарапқа салынбақ.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ
АҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ