07.05.2023 | 17:33
Бөлісу:
Елдос Сметов әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады
Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Қатар астанасында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама ала алмады. Ол 2-айналымда түркменстандық Айбек Омировты таза ұтты. Алайда келесі кезеңде өзбекстандық Дильшодбек Баратовға голден-скорда есе жіберді.
Белдесуден кейін Елдос бұл бәсекеге тас-түйін келегені, орта жолда жеңілем деп ойламағанын айтты.
«Өз басым барлық жағынан дайын болдым. Оның үстіне қанша жылдан бері жинаған тәжірибем бар. Чемпионатта жербе жолдас болды. Кестеге қарап финалға дейін сескенетін қарсылас көрмедім. Шыны керек, бүгін өзімді кешірмей тұрмын. Финалға шығып, атой салатын күнім еді. Бірақ адамның қалауы бола бермейтініне тағы көзім жетіп отыр. Дильшодбекпен бұған дейін 2 рет күресіп, жеңгенмін. Одан жеңілем деген ой болған жоқ»,-деді Елдос.
Айта кетейік, Сметов осыған дейін 2015 жылы Астанадағы әлем чемпионатында топ жарып, 2019 жылы Токиода, былтыр Ташкентте қола медаль жеңіп алған. Қатардағы әлем чемпионатының жеңімпазына рейтингте бірден 2 мың ұпай қосылса, күміс жүлдегер 1400, ал қос қола алған татами шебері 1000 ұпайға қол жеткізеді. Бұл ұпайлар Париж Олимпиадасына іріктеу кезінде есепке алынады. Жалпы Дохадағы бәсекеге 99 елден 657 дзюдошы жиналды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ
АҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ