22.01.2023 | invalid
Бөлісу:
Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты
Бүгін отандасымыз әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекті 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты.
Осылайша, Елена бәсекедегі басты сенсацияның авторының айналды. Айта кетейік, Ига Швентек – былтырғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы. Ал оның алдында қазақстандық жарты жолда қалдырған 29 жастағы америкалық Даниэль Коллинз былтырғы 2-финалист.
«Мен кез-келген қарсыласты жеңе аламын»
Қазақстандық теннисші матчтан кейінгі сұхбатында осы аптадағы қарқынынан таймаса, кез келген қарсыласты жеңе алатынын айтты.
«Егер осы аптадағыдай жақсы ойнасам, әлемнің 1-ракеткасы атана аламын. Маған қазір тұрақты ойын керек. Сол үшін әлі біраз жұмыс істеуім қажет. Бүгінгі матчқа келер болсақ, рейтингтегі көшбасшымен кездескенде жоғалтар ештемем жоғын түсіндім. Алғашқы минуттардан бастап белсенді қимылдап, шабуыл жасауға тырыстым. Қарсыласымның кортта жақсы қимылдап, жақсы қорғанатынын білемін»,-деді.
Осы жеңістен соң Елена Рыбакина WTA рейтингінде 22-ден 16-орынға көтерілді. Қазір еншісінде 1945 ұпай бар. Жалпы қазақстандық теннисші алғаш рет бұл бәсекенің ширек финалына шығып тұр. Елена 2020 жылы Мельбурндегі доданы 3-кезеңнен аяқтаған еді. Осыған дейін Елена Рыбакина іріктеуде әуелі Элизабетта Кокчиареттоны, сосын словениялық жас теннисші Кайи Юванды жеңген. Сосын Даниэль Коллинзден айласын асырған.
Бүгін Рыбакина-Швентек текетіресінде қазақстандық спортшы 2-1 есебімен алға шықты. Елена екі жеңіске де биыл қол жеткізді.
Еленаның Ига Швентекті жеңгеннен кейін берген сұхбаты.
Енді Уимблдон жеңімпазы жартылай финал жолдамасын латвиялық Елена Остапенкомен сарапқа салады. Матч сейсенбі, 24 қаңтар таңертең басталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықWTA FINALS: ЕЛЕНА РЫБАКИНА АРИНА САБАЛЕНКАМЕН ОЙНАЙДЫ
ДЭВИС КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ