31.03.2023 | 09:57

Елена Рыбакина алғаш рет Майами Оупен турнирінің финалына шықты

Бүгін отандасымыз Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы жеңіп, АҚШ-тың Флорида штатында қтіп жатқанWTA 1000 санатындағы Майами оупен турнирдің финалына шықты. 

Матчтың статистикасы:

 

Рыбакина

Пегула

Эйстер

 11

 1

Доп беру кезіндегі қосарлы қате

 6

 2

Брейктер

 6

 5

Жеңіп алған ұпайлар саны

 90

 76

Қатар жеңген геймдер саны

6

5

 

Еліміздің 1-ракеткасы 1 сағат, 52 минутқа созылған матчта 7-6 (7:3), 6-4 есебімен басым түсті. Осылайша, Елена қатарынан 13-ойында ұтып, карьерасындағы үздік көрсеткішті жақсартып тастады.

Бүгін Рыбакина биылғы 7-ші тай-брейкте қарсыластан басым түсті. Жыл басынан бері ол тай-брейкте ешкімге дес бермей келе жатыр. Бұл 2 теннисші арасындағы 3-кездесу болды. Алдыңғы қос матч америкалықтың пайдасына аяқталған.

Айта кетейік, әлемнің 7-ракеткасы 11 күн бұрын Калифорниядағы Индиан-Уэллс турнирінде топ жарған. Егер Майами Оупенді алса, Sunshine Double жасаған, яғни АҚШ-тағы екі Мастерс турнирін жеңген теннисші атанады.

Әйелдер арасында финалға берілер қалған жолдаманы чехиялық Петра Квитова мен румыниялық Сорана Кырстя сарапқа салады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес