20.01.2023 | invalid

Елена Рыбакина Australian Open-нің 4-кезеңіне шықты

Бүгін отандасымыз Елена Рыбакина америкалық Даниэль Коллинзді жеңіп, Аустралия ашық чемпионатының 4-кезеңіне жолдама алды. Есеп: 6:2, 5:7, 6:2. Матч 2 сағат, 5 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші алғаш рет бұл бәсекенің 4-кезеңіне шығып тұр. Елена 2020 жылы Мельбурндегі доданы 3-кезеңнен аяқтаған еді.

Даниэль WTA рейтингінде 13-ші, ал Рыбакина 22-орынға жайғасқан. Америкалық теннисші былтырғы Australian Open-нің финалисі. Бұған дейін 2 теннисші қаңтардың басында Аделаида (Аустралия) қаласындағы алғашқы халықаралық турнирде кездесіп, матч Еленаның жеңісімен аяқталған. Есеп 5:7, 6:2, 6:3. Жалпы текетірестегі есепте қазақстандық алға шықты (2-1).

Енді келесі кезеңде қазақстандық теннисші әлемнің 1-ракетасы польяк Ига Швентекпен ойнайды. Ол бүгін испаниялық Кристина Бучаны сенімді жеңді (6:0, 6:1). Осыған дейін Елена Рыбакина іріктеуде әуелі Элизабетта Кокчиареттоны, сосын словениялық жас теннисші Кайи Юванды жеңген.

Елена Рыбакинаның 2-айналымдағы кездесуден кейінгі сұхбаты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес