04.10.2023 | 19:08

Елена Рыбакина Бейжіңдегі бәсекенің ширек финалында ойнайды

Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Қытай ашық чемпионатында ресейлік теннисші Мирра Андрееваны жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бейжіңдегі матч 1 сағат, 50 минутқа созылып, 2-6, 6-4, 6-1 есебімен аяқталды.

Матчтың статистикасы:

 

Андреева

Рыбакина

Эйстер

 2

 10

Доп беру кезіндегі қосарлы қателер

 2

 1

Брейктер

 3

 4

Жеңіп алған ұпайлар саны

 73

 84

 


Бұл Рыбакина мен Андреева арасындағы алғашқы ойын. Елена қазір WTA рейтингінде жекелей сында 5-ші, қарсыласы 60-орында тұр.

Ұлттық құрама көшбасшысы келесі кезеңде Арина Соболенкомен (Беларусь) немесе Жасмин Паолинимен (Италия) сынға түседі.

Қазақстандық теннисші осыған дейін Бейжің корттарында Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы, жарыс қожайыны Чжэн Циньвэнь мен Татьяна Марияны (Германия) жеңген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес