29.03.2023 | 08:16
Бөлісу:
Елена Рыбакина финал жолдамасын Джессика Пегуламен сарапқа салады
Ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина италиялық Мартина Тревизанды сенімді жеңіп, Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Бір сағат 10 минутқа созылған матчтың есебі: 6-3, 6-0.
Ойын статистикасы:
|
Рыбакина |
Тревизан |
Эйстер |
10 |
0 |
Доп беру кезінде қосарлы қателер |
2 |
2 |
Брейктер |
5 |
1 |
Жеңіп алған ұпайлар саны |
60 |
40 |
Қатар жеңіп алған геймдер саны |
8 |
2 |
Бұл екі теннисші арасындағы алғашқы кездесу. Отандасымыз қазір WTA рейтингінде 7-орында. Бұл оның ең жақсы көрсеткіші. Ал Мартина WTA рейтингінде 24-сатыда.
Бүгін Уимблдон чемпионы осымен 12-рет жеңіске жетіп, карьерасындағы үздік серияға қол жеткізді.
Еліміздің 1-ракеткасы матч сайын эйс жасаудан алдына жан салар емес. Ол ширек финалда 10, Анна Калинскаямен болған ойында 14, Паула Бадосамен матчта 12, Элизе Мертенспен өткен ойында 10 эйс жасаған. Яғни, бір бәсекедегі 4 ойында кем дегенде 10 эйстен жасап, Үлкен дулыға санатындағы турнирлердің 23 дүркін чемпионы, америкалық Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады.
Елена осыған дейін 2 рет Майами Оупенге қатысқан. Былтыр қазақстандық теннисші 3-айналымда америкалық Джессика Пегуладан (рейтингте 3-орында) жеңілсе, 2021 жылы тағы 3-айналымда испаниялық Сара Соррибес-Тормоға (рейтингте 106-орында) есе жіберген.
Айта кетейік, Елена осы турнирде бұған дейін бельгиялық Элизе Мертенсті (6-4, 6-3), испаниялық Паула Бодосаны (3-6, 7-5, 6-3) және ресейлік Анна Калинскаяны (7-5, 4-6, 6-3) жеңген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықWTA FINALS: ЕЛЕНА РЫБАКИНА АРИНА САБАЛЕНКАМЕН ОЙНАЙДЫ
ДЭВИС КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ