18.03.2023 | 09:51

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты

Бүгін отандасымыз Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекті сенімді жеңіп, Мастерс санатындағы Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты. Есеп: 6-2, 6-2. Ойын 1 сағат, 16 минутқа созылды.

Статистика:

 

Швентек

Рыбакина

Эйстер

 1

 7

Доп беру кезіндегі қос қате

 2

 2

Брейктер

 1

 5

Жеңіп алған ұпайлар саны

 37

 62

 

Енді Рыбакина-Швентек екеуінің арасында текетіресте қазақстандық алға тұр (2-1). Екі ойыншы биыл қаңтарда Аустралия ашық чемпионатында кездесіп, ол кезде де қазақстандық жеңіске жеткен. Жалғыз жеңлісі былтыр болған.

Енді әлемнің 10-ракеткасы финалда Арина Соболенкомен (Беларусь) шеберлік байқасады. Екеуі биыл Аустралия ашық чемпионатының финалында ойнап, жеңіс Аринаның еншісінде кетті.

Жалпы Елена Индиан-Уэллстің бас жүлдесі үшін таласатын тұңғыш қазақстандық болмақ. Сондай-ақ бұл оның карьерасындағы 12-финал. Бүгінгі жеңістен кейін қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 8-орынға көтерілді. Егер жексенбі күні бас жүлдеге қол жеткізсе, 7-сатыға жоғарылайды. Бұл қазақ теннисі тарихындағы ең үздік көрсеткіш.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес