21.05.2023 | 05:20

Елена Рыбакина – Италия ашық чемпионатының жеңімпазы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 санатындағы бәсекенің жеңімпазы атанды. Ұлттық құрама спортшысы финалда украиналық теннисші Ангелина Калининамен ойнады. Қарсыласы есеп 6-4, 1-0 болып тұрғанда жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.

Италия астанасындағы жеңісі үшін Рыбакина мың ұпай мен 521 мың АҚШ долларын алады. Сондай-ақ дүйсенбі жаңаратын WTA рейтингіндегі Лена 6-дан 4-орынға көтеріледі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес