08.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Елена Рыбакина Острава турнирінің ширек финалында жеңіліп қалды
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Чехияның Острава қаласында өтіп жатқан WTA-500 санатындағы бәсекенің ширек финалында жарыс қожайыны Барбора Крейчиковадан жеңіліп қалды.
Алғашқы сетте Елена басымдық танытып, сенімді жеңді. Есеп: 6:3. Ал 2-партияда чех теннисшісі тай-брейкте басым түсіп, таразы басын теңестірді. Есеп: 6:7 (4:7). Осы жеңісіне қанаттанған Барбора шешуші сетті өз пайдасына шешіп кетті. Есеп: 4:6. Ақтық сын жолдамасы сарапқа салынған ойын 2 жарым сағатта аяқталды.
Матчта қазақстандық спортшы 17 эйс жасап, 1 рет допты ойынға қосу кезінде қос қате жіберді. Ал 26 жастағы чех 2 эйс істеп, 9 мәрте қарсыласына ұпай «сыйлады». Бұл екеуінің арасындағы 2-кездесу. Былтыр алғаш рет Аустралияның Мельбурн қаласында жолдары түйіскенде, Барбора ұтқан. Қазір WTA рейтингінде еліміздің 1-ракеткасы 26-шы, Барбора Крейчикова 23-сатыда тұр.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының ойыншысы Остравада бұған дейін америкалық Мэдисон Киз, Александра Соснович (Беларусь) пен Петра Квитованы (Чехия) жеңген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықWTA FINALS: ЕЛЕНА РЫБАКИНА АРИНА САБАЛЕНКАМЕН ОЙНАЙДЫ
ДЭВИС КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ