29.03.2024 | 06:38

Елена Рыбакина қатарынан 2-рет Miami Open турнирінің финалында ойнайды

Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Miami Open турнирінің жартылай финалында Беларусь теннисшісі Виктория Азаренканы жеңді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ойын 2 сағат, 36 минутқа созылып, 6-4, 0-6, 7-6(2) есебімен аяқталды.

Матчтың статистикасы:

 

Рыбакина

Азаренка

Эйстер

 11

 8

Қосарлы қателер

 3

 6

Брейктер

 2

 4

Жеңіп алған ұпайлар саны

 88

 95

 

 Бұл екі теннисші арасындағы 4-ойын. Барлық матчта Елена Рыбакина басым түскен (4-0).

Ұлттық құрама көшбасшысы былтыр да Майамидегі бәсекенің ақтық сынана жеткен. Алайда шешуші кездесуде чехиялық теннисші Петра Квитоваға жол берген.

Осыған дейін Майами корттарында Рыбакина Клара Таусон (Дания, 3-6, 7-5, 6-4), Тейлор Таунсенд (АҚШ, 3-6, 7-6(3), 6-4), Мэдисон Кизді (АҚШ, 6-3, 7-5) ұтқан. Ал ширек финалда Мария Саккариді (Грекия, 7-5, 7-6(4), 6-4) жарты жолда қалдырды.

Финалда қазақстандық теннисші Екатерина Александрова немесе Даниэль Коллинзбен сынға түседі. Айта кетейік, Майамидегі турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,7 млн доллар.

Сурет: WTA.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес