10.07.2023 | 16:52

Елена Рыбакина «Уимблдонның» ширек финалына шықты

Ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина бразилиялық Беатрис Аддад Майяны жеңіп, Лондонда өтіп жатқан бәсі жоғары бәсеке – «Уимблдонның» ширек финалына жолдама алды.

Алғашқы партияда Елена Рыбакина брейк жасап, алға шықты (3:1). Содан кейін өз геймінде сауатты ойнап, есепті 4-1-ге жеткізген. Осы сәтте бразилиялық белінен жарақат алып, дәрігердің көмегіне жүгінді. Ізін ала ойынды жалғастырудан бас тартты. Ойын 21 минутқа ғана созылды.

Матчтың статистикасы:

 

Рыбакина

Аддад Майя

Эйстер

 3

 0

Доп беру кезіндегі қосарлы қателер

 1

 0

Брейктер

 1

 0

Виннерлер

 5

 1

Жеңіп алған ұпайлар саны

 18

 8

 

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен немесе рейтингте 9-сатыда тұрған чехиялық Петра Квитованың біреуімен ойнайды.

Айта кетейік, Елена былтыр осы бәсекеде чемпион атанып, теннис әлемінде сенсация жасаған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес