04.11.2023 | 08:58

Елена Рыбакина WTA-ның шешуші турнирінде топтан шыға алмады

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) финалды турнирінің топтық кезеңінен шыға алмады,

Ұлттық құрама ойыншысы бүгін рейтинг көшбасшысы Арина Соболенкодан (Беларусь) жеңіліп қалды. Ойын 6:2, 3:6, 6:3 есебімен аяқталып, 2 сағат 34 минутқа созылды. Айта кетейік, матч бір күн бұрын жауынға байланысты кейінге шегерілген.

Соболенко топта екінші орынға көтерілсе, Рыбакина бір жеңіс және екі жеңіліспен үшінші болып, турнирдегі өнерін аяқтады.

Осыған дейін Елена екінші айналымда грекиялық Мария Саккариді 6:0, 6:7 (4), 7:6 (2) есебімен ұтып, WTA шешуші турниріндегі алғашқы жеңісіп атап өткен.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес