21.09.2023 | 19:48
Бөлісу:
Елена Шалыгина жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды
Сербия астанасы Белградта күрестен әлем чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін әйелдер кешке қалған салмақта қола жүлдеге таласатын палуандарды анықтады. Олимпиада бағдарламасына кіретін (68 кг) салмақта бақ сынайтын Елена Шалыгина алғашқы жұбаныш белдесуінде Эмилия Яковлевичті (Сербия) сенімді жеңгенімен, келесі кезеңде әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері, Еуропа чемпионы Кумба Ларроктың (Франция) мықты екенін мойындады.
Енді кешке Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Польша құрамасының өкілі Наталья Стшалкамен қоланы сарапқа салады.
Жалпы Сербия астанасындағы палуандар додасы 24 қыркүйекте мәресіне жетеді. Осы аралықта 77 мемлекеттен жиналған 1000-ға тарта спортшы кім мықтыны анықтайды. Есіңізге сала кетейік, былтыр 10-18 қыркүйек аралығында күрестен дүниежүзі чемпионаты Белградтағы дәл осы Štark Arena спорт кешенінде өткен. Ол кезде Қазақстан құрамасы сапынан Жәмилә Бақбергенова (күміс), Азамат Дәулетбеков (қола), Айдос Сұлтанғали (қола) жүлдеге қол жеткізген.
Суреттің авторы – Шамкен Байырбек.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖӘМИЛА БАҚБЕРГЕНОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 4 ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ
ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА 3-РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ