18.02.2024 | 20:17

Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды

Иран астанасы Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының 2-жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін Ұлттық құрама қоржыны тағы 3 медаль түсті. Биіктікке секіруде Елизавета Матвеева 1.86 метрді бағындырып, чемпион атанды. Былтырғы Астанадағы бәсекеде бас жүлдені Надежда Дубовицкая жеңіп алса, Елизавета 2-орыннан көрінген.

Ал 60 метрге жүгіруде Ольга Сафронова (7.35 секунд) мәреге 2-болып жетті. Ол былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында осы қашықтықта күміс жүлдегер атанған.

Сондай-ақ үш қарғып секіру сайысында Мария Ефремова (13.48 метр) қола жүлдеге ие болды.

Қазір Қазақстан құрамасында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Тегерандағы чемпионат 19 ақпанда мәресіне жетеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес