16.06.2023 | 21:58
Бөлісу:
Елордада басталған семсерлесуден ел чемпионатына 200-ден астам спортшы жиналды
Бүгін Астана қаласында семсерлесуден 2009 жылы және одан кейін дүниеге келген жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Биылғы елішілік бәсекеге 10 өңірден 200-ден астам спортшы жиналды. Олардың бір бөлігі жарыстың алғашқы күні қылыштасудан жекелей сында үздіктерді анықтады.
Ұлдар арасында қарғандылық Ерқанат Құралов қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол финалда Алматы оьблысынан келген Айбар Қайымды сенімді жеңді. Есеп: 5-1. Қола медальге Әди Смағұлов пен Тамерлан Болат қол жеткізді.
Қыздар арасында елордалық атлет Айғаным Какенова чемпион атанды. Күміс Алматы қаласының спортшысы София Яковлеваның еншісінде. Қола жүлде Айша Сыздық (Астана) пен Дария Макароваға (Қарағанды) бұйырды.
Ертең қылыштасудан ұлдар мен қыздар арасында командалық сайыс өтеді. Сосын кезек семсерлесу (шпага) мен кездікке (рапира) келеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСЕМСЕРЛЕСУДЕН БІЗДІҢ КОМАНДА 6-ОРЫНДА
АЙГЕРІМ САРЫБАЙ ОЛИМПИАДАНЫ СӘТТІ БАСТАДЫ