08.08.2024 | 21:35

ЕЛЖАНА ТАНИЕВА ФИНАЛҒА ШЫҒА АЛМАДЫ

Париж Олимпиадасында көркем гимнастикадан іріктеу аяқталып, көпсайыста ертең жүлдеге таласатын спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Елжана Таниева 126.600 ұпай жинап, жалпы есепте қазір 11-орынға сырғыды. Әлі жарысты аяқтамаған 2 спортшы бар. Өкінішке қарай, биыл Азия чемпионы атанған Елжана финалға шыққан 10 гимнастың қатарынан шығып қалды.

Таниеваның көрсеткіші:

Лента – 31.450 балл

Ұршық – 32.300 балл

Доп – 32.000 балл

Шығыршық – 30.850 балл

Ертең таңдаулы 10 гимнаст Париждегі ойындардың медалін өзара сарапқа салады.

Фото: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес