04.06.2023 | 18:49

Ерасыл Қажыбаев Гран-при жарысының қола жүлдесін иеленді

Бүгін дзюдодан Қазақстан құрамасының қоржынына Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан Гран-при турнирінде екінші қола медаль түсті. Оның иегері 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ерасыл Қажыбаев. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Польша өкілі Каспер Сзуровскиден басым түсті.

Жарыстың бірінші күні Сұңғат Жұбатқан (66 кг) қола жүлдегер атанған.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес