24.07.2024 | 11:44

ЕРТЕҢ САДАҚ АТУ ШЕБЕРЛЕРІ ОЛИМПИАДАНЫ БАСТАЙДЫ

Ертең, 25 шілдеде Париж Олимпиадасында садақ атудан жекелей сынның іріктеуі басталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама сапынан Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко шеберлік байқасады. Бұл рейтингтік кезең нәтижесіне қарай кейінгі жарыс жолы құрылады. Яғни, 64 ер мерген алған орнына қарай бір-бірімен сынасады. Мысалы, 1-орын алған атлет плей-офф сатысында 64-сатыдағы спортшыға қарсылас болады.

Ерлер арасындағы іріктеу Астана уақытымен сағат 17:15-те басталады. Бұл жарысты еліміздің телеарналары эфирден көрсетпейді. Ал плей-офф 30 шілде мен 1 тамыз аралығына жоспарланған. Ал командалық сайыс 29 шілдеден бастау алады. 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес