02.09.2022 | 11:09
Бөлісу:
Ескек есу: Мария Бровкова әлем чемпионы атанды
Қазақстандық Мария Бровкова Мажарстанның Сегед қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы каноэ мен байдаркада ескек есуден әлем чемпионатында топ жарды. Ол С-1 1000 метрде мәре сызығын бірінші болып қиды. Айта кетейік, Мария Бровкова 31 тамыздағы іріктеуде бірінші болып келіп, финалға тікелей жолдама алған. Уақыты: 4:37.46 секунд.
Сондай-ақ, Мария Бровкова С-1 500 метрге жарыстың іріктеуінде үздік нәтиже көрсетіп (2:08.31 секунд), финалға жолдама алды. Ақтық сын 4 қыркүйекте өтеді.
Бұдан бөлек тағы бірқатар қазақстандық финалда медаль үшін таласады. Олар:
К-2 1000 метр, байдарка. Кирилл Тубаев пен Игорь Ряшенцев дуэті іріктеуде 3-орын алды.
C-2 1000 метр, каноэ. Сергеев пен Туребеков жұбы іріктеуде 2-нәтиже көрсетті.
К-1 1000 метр, байдарка. Дарья Петрова 3-сатыдан көрінді.
С-2 500 метр, каноэ. Ульяна Киселева мен Виктория Романова жұбы 3-орын алып, финалға өтті.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМАРИЯ БРОВКОВА ӨЗБЕКСТАНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
МАРИЯ БРОВКОВА ТАРИХИ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ
МАРИЯ БРОВКОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ