21.12.2022 | invalid

Федерациялардың есеп беруі аяқталды

Спортты дамыту дирекциясында федерациялардың жылды қортындылап, есеп беруі жалғасып жатыр. Бүгін бірқатар олимпиалық емес спорт түрлері 2022 жылы атқарылған жұмыс жайлы айтып берді. Бұл қатарда су астында бағдарлау, Nomad MMA, пенчак силат, комбат дзю-дзюцу, президенттік көпсайыс, альпенизм, самбо, футзал, дойбы, судомодель спорты мен каратэнің бірнеше түрі (мейбукан годзю-рю каратэ-до, ашихара каратэ) бар.

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен дирекция қызметкерлерінен құралған комиссия осы спорт түрлерінің еліміздегі даму қарқыны, жетістіктері мен қордаланған мәселелері жайлы ақпарат алды. Барлық федерация алдағы жоспарын ұсынды, 2023 жылы қатысатын жарыстары жөнінде және өз ұсыныстарын айтты. Бүгінгі есептен кейін аталған федерациялардың бір жылға арналған бюджеті белгіленеді.

Дирекция директоры Оралбай Жақсымбетов жиынға келген атқарушы директорлар, бас бапкерлер мен менеджерлерді бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ кешенді жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуге басымдық берілетінін атап өтті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес