03.12.2022 | invalid
Бөлісу:
Гандболдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына жолдама алды
Бүгін Оңтүстік Корея астанасы Сеул мен Инчон қаласында әйелдер арасында қол добынан XIX Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы Үндістанды 42-31 есебімен ұтып, сары құрлық додасын 5-орынмен аяқтады, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Осылайша, Ұлттық құрама 2023 жылғы 30 қараша мен 17 желтоқсан аралығында Дания/Норвегия/Швецияда өтетін XXVI Әлем чемпионатына жолдама алды. Қорытынды нәтиже мынандай.
Чемпионатты В тобында бастаған біздің гандболшылар бұл кезеңде Ганконг пен Таиландты ұтты. Алайда Қытай мен Жапонияға есе жіберіп, жартылай финалға шыға алмады. Соңғы жолдама үшін таласта Қазақстан әуелі Өзбекстаннан басым түсті. Тартысты матчтың есебі: 30-28. Сосын Үндістаннан келген құрбыларынан айласын асырды.
Ұлттық құрама ойыншылары: Жанерке Қуандықова, Дана Әбілда, Жанерке Сейтқасым, Татьяна Давыдова, Злата Звягина, Алеся Малышева, Альсина Жұмабек, Наталья Полуянко, Мария Пупченкова, Камила Серікбаева, Кристина Степанова, Вероника Хардина, Мария Ситникова, Ксения Пупченкова, Арайлым Әбдіхамит, Елена Беренда, Дамира Жапарова, Кристина Радаева;
Айта кетейік, бұл Оңтүстік Корея гандбол федерациясы (KHF) өз елінде ұйымдастырып жатқан 3-ші Азия чемпионаты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚОЛ ДОБЫ: «ҚАЙСАР» КЛУБЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Ұлттық құрама алғашқы ойында қарсыласқа есе жіберді
Ұлттық құрама Бразилиядан жеңіліп қалды